KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,3 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Ақан Мұхамадиев - Қазақстанның құрметті журналисі

30.07.2013, 18:00 124


Қырық жылдан астам уақыт баспасөзде қызмет атқарған өскемендік қарт қаламгер Ақан Мұхамадиев Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оны аталмыш одақтың облыстық филиалы-ның төрағасы Жұмәділ Әділбаев тапсырды.

– Газеттің бұрынғы жұмысы мен бүгінгі жұмысын мүлде салыстыруға келмейді. Бұл кісілер май сасыған баспа мәшінкелерінің қасында қажырлы еңбек етті. Сондықтан да кез келген журналиске беріле бермейтін осы бір мәртебелі медальмен марапаттап, құрмет көрсетіп отырмыз, – деді Жұмәділ Әділбаев төсбелгіні тапсыру салтанаты кезінде.

Бүгінде сексеннің бел ортасына жеткен ақсақал кезіндегі «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы сынды қызметтерді абыроймен атқарған екен.

«Дидардың» редакциясында болған марапат сәтінде Ақан Мұхамадиев өзін құрметтеген әріптес іні-қарындастарына алғысын білдіріп, өткен күндерінен естелік айтты. Ал редакциядағы ізбасарлары ардагер журналисті қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив