KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Дәрігер-мамандар ШҚО аудандарын аралауға шықты

24.07.2013, 18:00 247


Шығыс Қазақстан облыстық аурухананың мамандары ауыл тұрғындарына кеңес беру-практикалық көмек көрсету мақсатында аудандарды аралауға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл шара Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен бекітілген «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жыл сайынғы кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясы аясында қолға алынып отыр.

Облыстағы бас аурухананың дәрігерлері: облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас жасөспірімдер терапевті, хирург-травматолог, окулист, торакальді хирург, дәрігер-зертханашы, невролог сынды мамандар Глубокое, Жарма, Көкпекті, Шемонайха, Үржар, Аягөз, Катонқарағай аудандарында болмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив