KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындар көрсеткіші 8% төмендеді – Денсаулық сақтау министрлігі

19.02.2012, 18:00 151


Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындар көрсеткіші 8% төмендеді. Бұл туралы бүгін 2011-2015 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылының қорытындысы» атты үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Онкологиялық көмекті жақсарту аясында біз қатерлі ісіктердің шығуының алдын алуды қолға алдық. Диагностиканың жетік тәсілдері мен емдеуді қолдану арқылы мақсатты топтардың кәсіптік байқулары өткізілді. Бүгін республикада жағадан пайда болатын қатерлі ісіктен көз жұматындар көрсеткіші 8% төмендегені анықталды», - деді С.Қайырбекова.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, еліміздің онкологиялық қызметін жаңғырту қажеттілігі туындап отыр.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив