KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Жаңа ғимараттар Ұлан ауданында бой көтеріп келеді

15.07.2013, 18:00 139


Ұлан ауданында құрылыс жұмыстары кең ауқымда, жоғары қарқынмен жүргізілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«НТ-ДОС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ізғұтты Айтықов ауылында 80 орындық мектепті салып жатыр. Биыл наурыз айында қолға алынған бұл құрылыста 16 адам еңбек етуде. Мектепті бір жылдың ішінде салып, пайдалануға беру жоспарланған.

Ал Сағыр ауылындағы 200 орындық клуб ғимаратының құрылысын «Дакар-Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өскемендегі филиалы жүргізуде. Жобаның құны – 189 млн. теңге.

Сонымен қатар, биыл Привольное ауылында 180 орындық, Украинкада 80 орындық мектеп құрылыстары басталады. Ал Таврия ауылындағы
320 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы пысықтаудан өткізілуде.

Республикалық бюджеттен Ұлан ауылындағы клубты жөндеу жұмысына қаражат бөлінді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде Бозанбай ауылындағы клубты жөндеу жұмыстары қарастырылуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив