KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Глубокое ауданындағы тірек ауылдарын дамытуға 46 жоба арналды

7.04.2013, 18:00 170


Биыл Глубокое ауданында тірек ауылдарын дамыту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 783555 мың теңгенің 46 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында Белоусовка ауылында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 169 миллион теңгеге 35 пәтер сатып алынды. Степное ауылында «Екі Дос и компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаш өңдеу, фанера жасау, жиһаз құрастыру және үйдің төбесін жабатын жұқа қаңылтыр дайындау цехтарын және өз жұмысшыларына арнап 26 орындық жатақхана салып жатыр.

Жеті ауылдың сумен қамтамасыз ету жүйелеріне жөндеу, күрделі жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Биыл Малоубинка ауылындағы лагерьдің құрылысы жалғастырылады. Опытное поле ауылында «Зауэр» шаруа қожалығының иелігіндегі ғимаратта сауда-ойын-сауық кешенін құру жобасы іске асырылады. Уварово ауылында салынатын мектептің, Глубокое кентіндегі мектептің, хоккей модулінің, мәдениет үйінің, 100 пәтерлік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив