KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да кесілген ағаш мотоциклші үстіне құлаған

10.07.2013, 18:00 284


ШҚО-да кесілген ағаш мотоциклмен жүріп бара жатқан адамның үстіне құлаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 08-шілдесінде Глубокое ауданында ағаш кесумен айналысқан 36 жасар Ш. атты азамат ауыл арасындағы жолда ағаш кесу қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзып, жолға жақын жерде ағаш кесуді жүзеге асырған.

Ш. салдыр-салақтығы нәтижесінде кесілген ағаш «ИЖ» мотоциклінде жол бойында келе жатқан 57-жасар А. есімді азаматтың үстіне құлаған. Алынған дене жарақаттары салдарынан А. оқиға орнында қаза тапқан.

ҚР ҚК 101-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив