KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Дауыл желдің салдарынан ағаш балконға құлады

5.08.2013, 18:00 189


Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында дауыл желдің салдарынан құлаған ағаш үшінші қабаттағы балконның терезе жақтауын қиратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгініп.

Құлаған ағаш құтқарушылардың көмегімен сыртқа шығарылды. Сонымен қатар қаланың кейбір аудандарында екпінді желге шыдамаған электр желілері үзілген.

Апат болған жерлерге дереу жеткен аймақтық электр компаниясының қызметкерлері зақымданған желілерді дер кезінде іске қосып отырды. Соның нәтижесінде облыс орталығында жарықсыз қалған нысандар тіркелген жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив