KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.89 528.74 5.29

Артемьев кенішінде 34 жастағы жұмысшы мерт болды

3.03.2013, 18:00 278


Шемонайха ауданындағы Артемьев кенішінде оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қаза тапты. Опырылып құлаған тау жынысының бір бөлігі 34 жастағы жұмысшыны мерт қылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште кешке қарай болған. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде опырылып түскен тау жынысы сол жердегі бір кеншінің үстіне құлаған. Соның салдарынан жұмысшы тіл тартпай кеткен.

Оқиға орнына аудандық прокуратураның өкілдері, полиция қызметкерлері және құтқарушылар дереу жеткен. Қазіргі уақытта адам өліміне әкеліп соқтырған қауіпсіздік ережесінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив