KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газеті - "Алтын жұлдыз" иегері

30.05.2013, 18:00 178


Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газеті журналитика академиясының жоғары жалпыұлттық "Алтын жұлдыз" сыйлығын иеленді. Бұд бағалы сыйлықты журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев басылымның 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын кезінде тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Профессор Сағымбай Қозыбаев өзінің құттықтау сөзінде «Рудный Алтай» газетінің қазақ баспасөзіндегі өзіндік орны жайында ерекше атап өтті.

Шығыс өңірінде жаңа газет тұсауын кескен сол бір 1918 жылы елімізде барлығы он екі газет жарық көріпті. Мұның бәрі – қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары. Ол уақыт, әрине, жаңа қоғамның іргетасы қаланып жатқан қиын жылдар болатын. Соған қарамастан, «Голос Алтая» газеті өз заманының үні бола білді. Осы газеттің қабырғасында қызмет істеген талай журналистер кейін қайраткерлік деңгейге көтерілді. Тіпті, Кеңес Одағы-ның алғашқы ақпарат министрі де осы газеттен түлеп ұшқан көрінеді.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив