KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Зайсан қаласында Еуразиялық банктің бөлімшесі ашылды

26.05.2013, 18:00 146


Зайсан қаласында Еуразиялық банктің бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Банк бөлімшесінің ашылу салтанатында тұрғындарды аудан әкімі Серік Зайнулдин, «Еуразиялық банк» Өскемен аймақтық филиалының директоры Гүлмира Пернешқызы құттықтады.

Гүлмира Пернешқызының айтысына қарағанда, банктің Қазақстанның ірі қалаларында 21 филиалы, 121 бөлімшесі бар. Зайсан қаласында ашылған нысан облыстық аймақтық филиалының осымен үшінші бөлімшесі екен.

«Еуразиялық банктің ашылуы аудан халқы үшін айтулы оқиға. Бұл осы өңірдегі төртінші банк. Келешекте тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, кәсіпкерліктің дамуына, халықтың бай, қуатты болуына ықпалын тигізеді деп сенемін. Сіздердің істеріңіз ілгерілеп, қызметтеріңіз сәтті болсын», деді аудан басшысы .

Аудан тұрғындардың жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары да құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив