KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Үлкеннарындықтар бос жатқан жерден балалар алаңын жасап алды

21.05.2013, 18:00 213


Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында ұзақ уақыт бос жатқан жерге тұрғындардың күшімен балалардың ойын алаңы жасалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Батырхан Сіләмов атындағы көшенің тұрғындары ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ өз күштерімен бос жатқан алаңды жабдықтап, ер-азаматтар балалар ойнайтын алаңқайға қажетті құрылыс материалдарын жинады.

Ал әйелдер балаларға арнап жасалған дайын дүниелерді бояп, әрлеу жұмыстарына септесті. Осылайша олар өздерінің балалары үшін ойын алаңын жасап берді. Қазір балалар күні бойы осы алаңда ойнайтын болды.

Балалардың ата-аналарының дайындап берген ойын алаңына алғыстары шексіз.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив