KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бір ауданда төрт инвестициялық жоба бар

15.05.2013, 18:00 260


Бұл күндері Көкпекті ауданында төрт инвестициялық жоба бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтыр ірі қара малын сатып алу үшін 146 млн. теңге, техниканы жаңалауға 292 млн. теңге инвестиция тартқан болатын. Ал биыл екі мың басқа асыл тұқымды репродуктор салу және 500 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу, бордақылау алаңын құру жұмыстарымен айналысып жатыр.

«Талап» шаруа қожалығы 400 бас ірі қара малына лайықталған бордақылау алаңын салуда. Ауыл тұрғындарынан 167 бас ірі қара мал сатып алды. 60 млн. теңгеге 164 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып әкеліп өсіруде. Бір ауысымда қуаттылығы 20 тонна болатын мал азығы цехын салуға кірісті.

«Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 басқа лайықталған тауарлы-сүт фермасын және 400 басқа бордақылау алаңын салу жобаларын жүзеге асырумен айналысуда. Лизингке үш комбайн сатып алды. 420 басқа сиыр қорасын, 100 басқа бұзау қорасын салды. Енді тағы бір сиыр қорасын, тәулігіне үш тонна сүтті қайта өңдейтін зауыт және мал азығы цехын салуды қарастырып жатыр.

«Талды Екпін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 ірі қара малына бордақылау алаңын салмақшы. Бүгінгі күнге бір ауысымда қуаттылығы тәулігіне 20 тонна болатын мал азығы цехын іске қосты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив