KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ауылдық мектептерге автокөліктер бөлінді

12.05.2013, 18:00 93


Биыл Жарма ауданы, Шар қаласының Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Крупская және Қалматаев атындағы орта мектептер автокөлікпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушыларды тасымалдау үшін Хасенұлы, Жамбыл, Шәкенов атындағы орта мектептерге, «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагеріне автокөліктер былтыр бөлінген болатын.

Биыл Шар қаласындағы Тұрсынов атындағы орта мектепте компьютер сыныбы жаңартылып, Көбдіков атындағы орта мектепке спорт құрал-жабдықтары сатып әперілмек.

Өткен жылы 14 мектептің, бір балабақшаның компьютер сыныбы жабдықталып, төрт мектептің химия кабинеті толықтырылды. Алты мектеп пен бір бала-бақшаға интерактивті тақта берілді.

Мектеп жанындағы қосалқы шаруашылықты дамыту үшін Қарасу орта мектебіне трактор сатып алынды. Алдағы уақытта Шәкенов атындағы орта мектепке де осындай техника бөлінбек.

Шуақ ауылында бұрынғы бала-бақша ғимараты қайтарылып, жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Былтыр үш мектепте толық күнді кіші орталық, Жаңғызтөбе кентінде 40 орынға лайықталған шағын балабақша ашылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив