KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

«Саламатты Қазақстан» поезы Шемонайхаға аялдады

24.04.2013, 18:00 158


Шығысқа бет алған «Саламатты Қазақстан» дәрігерлік-диагностикалық поезы өзінің алғашқы аялдамасын Шемонайха ауданында жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жылжымалы дәрігерлік көмек Шығыс Қазақстанда 15 мамырға дейін Зырян, Глубокое, Жарма аудандарында барлығы 14 елді мекенге тоқтайды.

Вагондар кешенді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи клиникалық-диагностикалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Амбулаториялық, тіпті стоматологиялық қызметтер де көрсете алады.

Шығыс Қазақстан аумағында дәрігерлік поезда тұрғындарға Защита теміржолы ауруханаларының дәрігерлері қызмет көрсетеді.

Дәрігерлердің қабылдауы, диагностика қою, лабораториялық сараптамалар мен стоматологиялық тексеру тегін жүргізіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив