KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
441.58 480 4.86

«Саламатты Қазақстан» жылждымалы кешенінде облыс тұрғындарына 34448 тексеру жүргізілді

13.05.2013, 18:00 115


ҚР ТЖМ-нің «Апаттар мединцинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының «Саламатты Қазақстан» медициналық поезы Шығыс Қазақстанның 12 станциясына тоқтап, 2219 адамды тексеруден өткізді. Дәрігерлік поезд Шемонайха, Зырян, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында тұрғындарға ауқымды медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің берген мәліметтеріне сүйеніп.

Шалғай елді мекендердің тұрғындарын окулист, невропатолог, хирург, уролог, маммолог, гинеколог, педиатр, терапевт, кардиолог, ЛОР-врач, стоматолог сияқты мамандар қабылдап, оларға зертхана мен рентген кабинеттің қызметтері , ЭКГ, УДТ зерттеулері, процедура кабинетінің қызметі ұсынылды.

Шығысқазақстандықтар арасында әсіресе терапевт, кардиолог, офтальмолог, невропатолог дәрігерлеріне сұраныс көп болған. Зертханалық кешеннің мамандары әртүрлі 34448 тексеру жүргізіпті.

Дәрігерлердің демалысы мен тынығуына да барлық жағдайлар жасалды.

«Жылжымалы дәрігерлік кешеннің қаншалықты қажеттілігін тұрғындардың алғыс сезімдерінен-ақ байқауға болады. Олар тілек кітабында барлық қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен сыпайылықтарын ерекше атап өтті» дейді ТЖД-нің мамандары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив