KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Оңтүстіктің құрылысшыларынсыз жұмыс бітетін түрі жоқ

22.04.2013, 18:00 116


Өскемен шаһарында бой көтеруге тиіс қазақ драма театрының құрылысын аяқтау үшін мердігер компания еліміздің оңтүстігінен құрылысшылар алдырып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құрылысы қысқа қарай аяқталып, 16 желтоқсанда ашылады деп жоспарланып отырған қазақ драма театрында жұмыс қарқыны әлі де болса бәсең. Мердігерлер межелі уақытта тапсырамыз деп уәде бергенмен алып ғимараттың атқарылар шаруасы көп, қабырғасы енді ғана көтерілуде. Сылтаудың да түрі көп, біресе техника, біресе жұмыс күші жетпей жатыр дейді. Ал уақыт болса жылжып жатыр.

Облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Сейіл Шуашбаевтың айтуынша, қазір мұнда 170-тің үстінде жұмысшы бар, құрылыс нысаны үшін бұл, әрине, аз. Жұмысшыларға 100-150 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді екен, үш мезгіл тамақ та тегін, жатар орын да қарастырылған. Алайда бұл жалақыны азсынған құрылысшылар жұмысқа бірде келсе, бірде келмейтін көрінеді.

Осыған байланысты мердігер компания қазір еліміздің оңтүстігінен келе жатқан 30-40 шақты құрылысшыны тосып отыр екен.

" Бұл – облысымыздағы мәдени-әлеуметтік маңызы зор нысандардың бірі. Құрылысқа қыруар қаржы бөлініп жатыр, сондықтан құрылыс жұмыстарына жауапкершілікпен қарау керек", – деп атап өтті құрылыс барысымен танысқан облыс басшысы .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив