KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Кеденшілердің Кеңесінде Астана қаласында салынатын интермодельді логистикалық орталық кешені мен көліктік-логистикалық орталықтар құрылысының жобасы таныстырылды

5.04.2013, 18:00 213


ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті «Атамекен Одағы» ҚҰЭП-пен бірігіп, бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен кедендік-салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық орталықтары мен транзиттік шама-шарқын дамыту бойынша және тауарлардың кедендік бақылаудан бастап, кедендік тазалаудан кейінгі кезеңдеріне екпін беру мәселелері сөз болды.

Кездесу аясында «GTI» компаниясының өткізу пункттеріндегі инфрақұрылымдарды басқару мен жаңашаландыру тәжірибесі қаралды. Кеңеске қатысушыларға Астана қаласында салынатын интермодельді логистикалық орталық кешені («ЕАТ» компаниясы) мен көліктік-логистикалық орталықтар («EUROTRANSIT TERMINAL» компаниялары) құрылысының жобасы таныстырылды.

Жобалардың маңыздысы сол, «ЕХРО-2017» Дүниежүзілік көрмесінің Қазақстанда өтуі алдында компаниялар тарапынан ұсынылатын болады.

Комитет төрағасы Кеңеске қатысушыларға кеден органдары тарапынан кедендік-салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары бойынша жоспарды тарату және Кеден одағының кеден шекарасынан өту кезіндегі кедендік-әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қазіргі таңда еліміздің транзиттік шама-шарқын дамыту, халықаралық саудаға тигізер септігі көп маңызды мәселелердің бірі. Осының арқасында Оңтүстік-Солтүстік, Шығыс-Батыс бағыттарындағы континентальды және трансконтинентальды транзиттің іске асуына бұған қоса, Қазақстанның аумағы арқылы қазіргі заманның магистралды жүйесі қалыптасатын болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Көліктік стратегия» Үкімін орындау үшін Кедендік бақылау комитеті тарапынан Көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту Тұжырымдамасы жасалуы сарапшылардың айтуынша сұранып тұрған маңызы зор құжат. Аталған бағыт, біздің мемлекетіміздің аумағынан өтетін транзиттерге кедендік әкімшілендірулер мен ынталандыруларды жеңілдету арқылы жүзеге асады.

Тұжырымдаманы жасаушылардың ойынша көліктік-логистикалық орталықтарды құру, бизнес қауымдастықтарына әкімшілік кедергілерді жою, кедендік операциялардан өтуді жеделдету, қазақстандық тасымалдаушылардың әлемдік нарықтағы бәсекелестігін көтеретінін және жалпы алғанда СЭҚ қатысушыларына жағымды жағдай жасау екенін растап отыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив