KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскемендік оқушылар наурыз көже пісіріп, қонақтарға дәм татқызды

19.03.2013, 18:00 176


Көптен күткен Наурыз мейрамы да келіп жетті. Жалпы, жер бетінде тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Осы орайда Наурыз мерекесін тойлау дәстүрінен Өскемен қаласындағы №3 көпбейінді мектеп-гимназиясы да шет қалған жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киімдер киіп, мерекелік кешті барынша салтанатты өткізуге тырысты. Мектеп сахнасы да ұлтымыздың сәндік қолөнер бұйымдарымен, бесік, сандық, төсеніш секілді ұлттық заттарымен безендірілді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері көрсетіліп, көрермен қауым ерекше сезімге бөленді.

Бұдан әрі мектептегі мереке музыка пәнінің мұғалімі Балшекер апайдың жетекшілігімен әзірленген қазақтың алуан аспабының үніне ұласты. Бұл айтып отырғанымыз, тартымды кештің бір үзігі ғана. Кеш қонақтары жайылған дастарқандағы Наурыз мерекесінің бас тағамы – наурыз-көжеден де дәм татты.

Аталған мектеп шәкірттердің ұлттық рухы мен намысын, ойы мен сезімін қалыптастыратын, берер тәлімі мен тәрбиесі мол мерекені осылай лайықты деңгейде атап өтті.

Зухра Қуанышева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив