KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Сәтті» бағдарламасымен көлік сатып алуға бола ма?

17.03.2013, 18:00 160


- Мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарлама бар екенін естідім. Ол қандай бағдарлама? Менің осы бағдарлама бойынша берілетін жеңілдетілген несиеге жүк көлігін сатып алуыма бола ма?

Жарас Сәрсек
Күршім ауданы.

Сауалға «Ауыл ша-руашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнар Байшалова жауап береді:
– Еліміздегі Ислам даму банкі биылдан бастап біздің қормен келісімге отырып, ауыл тұрғындарын несиелендіруге бағытталған өздерінің «Сәтті» деп аталатын жаңа бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бұл бағдарлама аясында облыс тұрғындарына «Мурабаха» және «Салам» екі несиелік бағыт бойынша несие беріліп жатыр.

9,5 пайыздық жылдық үстемемен берілетін екі несие түрі де тек ауыл тұрғындарына беріледі. Берілетін несиеге жүк көлігін де, ауыл шаруашылығы құралдарын, басқа да заттар сатып алуға болады. Бірақ сатып алатын зат құнының 10 пайызын ақшалай немесе басқа да активтермен қамтамасыз ету керек. Мысалы, сіз алатын көлік 3 млн. теңге тұрса, несие алу үшін оның 300 мың теңгесін алдын ала төлеуіңіз қажет.

«Мурабаха», «Салам» несиелік өнімдері бойынша несие 25 мың АҚШ долларына дейінгі қаржы көлемінде 18 айға дейінгі мерзімге беріледі. Комиссия алынбайды.

Қосымша ақпараттарды алу үшін жергілікті жердегі әкімдіктерге хабарласыңыз немесе Өскемен қаласындағы біздің кеңсе-мізге телефон шалуыңызға болады: 8 (7232) 21-60-77. Мекенжайымыз: Сәтбаев к, 64, 104-кеңсе.

Әзірлеген -
Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив