KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Кепілдіктің жоқтығы қолбайлау болып тұр

10.02.2013, 18:00 288


Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс шаруашылықтары 7 422 бас ірі қара сатып алды. Өткен жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының желісі бойынша мал сатып алу көлемі алдын ала берілген жоспардағыдан 20 басқа кем орындалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған бағдарлама біздің облыста «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы институттарының жергілікті филиалдары арқылы жүзеге асырылуда.

6 пайыздық жеңілдікпен берілетін несиеге ірі қара сатып алуда Абай, Тарбағатай аудандарының шаруашылықтары
ерекше құлшыныс танытса, Шемонайха ауданы бағдарламаға қатыспаған.

– Шаруа қожалықтарында жемшөп қорының, мал жайылымының жетіспеуі, шаруашылықтарда кепілге
қоятын мүліктің аздығы да «Сыбаға» бағдарламасының жүзеге асырылуына біршама кедергі болып отыр, – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілдері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив