KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Шаруашылықтар қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын көбейтіп жатыр

13.08.2012, 18:00 236


Елімізде өткен жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін 918 миллион 430 мың теңгенің несиесі беріліп, оған облыстағы 152 шаруа қожалығы мен ауыл тұрғындары етті бағыттағы ірі қара сатып алды.

Мал шаруашылығы жақсы дамыған Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай аудандары мен Семей қаласының шаруашылықтары несие алуда белсенділік танытып, асыл тұқымды мал санын көбейте түсуде. 6 пайыздық өсіммен 1 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін 7 жылға берілетін несиені бір емес, екі-үш қайтара алып жатқан тұрғындар да бар. Ауыл тұрғындарына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие беріп отырған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының несие бөлімінің бастығы Дәурен Ахметовтің айтуынша, өңірдегі шаруашылықтардың көпшілігі қазақ-тың асыл тұқымды ақбас сиырын сатып алып, көбейтіп жатыр.

Асыл тұқымды малдар Жарма ауданындағы «Шалабай», Зайсан ауданындағы «Нұр», Ұлан ауданындағы «Айтқазин» шаруа қожалықтарында өсірілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив