KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«ЕХРО-2017» жайында ерекше көрме өтті

12.02.2013, 18:00 107


Ұлан ауданындағы Айыртау ауылдық кітапханасында «Елдіктің ерен жеңісі – «ЕХРО-2017» тақырыбында газет-журналдар көрмесі ұйымдастырылып, жастар арасында экспресс-әңгіме өткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шараға негіз болып отырған «ЭКСПО-2017» көрмесінің мақсаты – әлемнің 150-ден астам еліндегі бүгінгі ең үздік техника мен инновациялық технологияларды көрсету.

Ауыл ішінде өткен болмысы бөлек көрмеде күн модульдері, жел электр станциясының құрылысы мен маңызы және жобаның неліктен «Жасыл энергия» деп аталатындығы туралы мәселелер жан-жақты сөз болып, кеңінен талқыланды.

Көрмеге келген тұрғындар аталған мәселені қызу талқылап, әсіресе, жастар жағы болашақта осынау көрмеге өз үлестерін қосатындарын атап өтті.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив