KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Зырян қаласында карьер суынан зардап шеккендерге баспана беріледі

7.01.2013, 18:00 125


Зырян қаласының оңтүстік бөлігіндегі карьер суынан зардап шеккен 57 отбасының жаңа баспанаға қол жеткізулеріне мүмкіндік туды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дәлірек айтсақ, осы аумақтың тұрғындарын басқа орынға қоныстандыру «Зырян түсті металл кенішін пайдалану кезіндегі техногендік әсердің салдарынан қаптаған судан Зырян қаласын қорғау» жобасы арқылы орындалмақ. Жалпы құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын жоба бойынша сондай-ақ, өзен арнасын тазарту, жаңбыр суының каналын тереңдету, көпірлерді қайта жөндеу, жыралар салу сынды бірқатар жұмыстар жоспарланған. Бұл міндеттерді іске асыру 2013-2014 жылдарға межеленген.

«Геопроект» корпорациясының бас директоры Елена Андрюшкова-Чернопятованың айтуынша, аталмыш жоба ағымдағы жылдың соңында мемлекеттік сараптамаға берілмекші.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив