KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Зырян қаласында 3D кинотеатры ашылды

2.01.2013, 18:00 145


Зырян қаласындағы «У Брилина» кафесінің жанынан жаңа жыл қарсаңында толық метражды фильмдер көрсететін 3D кинотеатры ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


-Біздің келушілерге енді 30 орындық кинозал қызмет көрсетеді, – дейді кинозалдың директоры Юлия Брилина. – Көрермендер үшін жұмсақ дивандар қойылған, олар киноны кең форматты 3D экранынан тамашалайтын болады.

Кинозалдың репертуарын апта сайын жаңартып отыру көзделген. Ертеңгілік сеанстарда негізінен мультфильмдер көрсетілсе, кешкі алтыдан кейін ересектер үшін киниленталар қойылады.

Кинозалдың тағы бір ерекшелігі, оның жанында отбасымен демалуға өте ыңғайлы шағын кафе бар. Кино көруге келгендер осы жерде жүрек жалғап алуларына әбден болады.

-Бұл нағыз отбасылық демалыс орнына айналады деп сенемін, – дейді тағы да директор.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив