Зырянда татуластыру орталығы ашылды
Зырян ауданында тұрғындарға көмек көрсететін дәл осындай орталық ашылды. Келушілерге медиаторлар мен психолог мамандар, сондай-ақ сот орындаушылар тегін қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетейік, орталық «Сот жүйесінің 7 тасы» жобасы аясында ашылды. Аталмыш нысанның ашылуына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдуғалиев, ауданәкімі Нұржан Тоқсейітов, ақсақалдар мен медиаторлар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
– Басты мақсат – тұрғындардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді шешуге көмек көрсетіп, олардың жан-дүниесін түсінуге тырысу, - дейді адвокат Лилия Сафина.