KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тайынтының жастары патриоттық танытты

23.12.2012, 18:00 174


«Туған жерге - тағзым» акциясы аясында Ұлан ауданы, Жоғарғы Тайынты ауылының жастары спорттық-мерекелік шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тайынты ауылының жастары мектепке мультимедиалық проектор, оқушыларға қажетті спорттық киімдер мен әртүрлі құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Волейболдан өткен ауыларалық жарысқа елді мекендерден бірнеше команда қатысып, ауыл түлектері тағайындаған арнайы кубокты сарапқа салды. Ерекше ойын үлгісін көрсеткен Тайынты ауылының мектеп оқушылары жарыстың жеңімпаздары атанды. Жүлделі орынға ие болғандар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Волейболмен қатар армрестлингтен өткен тартыс та барынша қызықты жалғасты.

– Ауыл түлектерінің бас қосып, мектепке көмек көрсетіп, спорттық шаралар ұйымдастырып жатқанын нағыз патриоттыққа балаймын, – дейді ауылдық округ әкімі Аймұхамет Бәкімбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив