KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Мұражайдағы музыкалық-көркем кеш

6.12.2012, 18:00 108


Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Астана- Елбасы жүрегі, Елбасы – елдің тірегі» атты музыкалық - көркем кеш өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әдебиет кешінде құрметті қонақтар қатарында педагогикалық, радиотехника және байланыс колледждерінің оқытушылары мен студенттері, Латиф Хамиди атындағы № 1 балаларға арналған саз мектебінің оқушылары болды.

Басқосу барысында мұражай қызметкерлері жиналғандарды слайдшоу арқылы Астана қаласының әсем жерлерімен таныстырды. Қонақтар сонымен қатар «Келешек тарихтың 20 жылы» фильмінен үзінді тамашалап, мемлекетіміздің негiзгi даму кезеңдері мен тұңғыш Президентіміздің зор еңбегі туралы жан-жақты мәлімет алды.

Кеш соңында Латиф Хамиди атындағы № 1 балаларға арналған музыкалық мектебі оқушыларының домбыра, фортепьяно, флейта, скрипка, виолончель, қобыз сияқты аспаптарда орындаған классикалық шығармалары салтанат ажарын аша түсті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив