KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Әлеуметтік саланың үздіктері марапатталды

29.10.2012, 18:00 316


Бүгінгі күні елімізде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табылып, мүгедектердің мұңын бөлісіп, қол ұшын беріп жүрген мамандық иелері аз емес. Олар - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері. Енді осынау сала қызметкерлерінің өз кәсіби мерекесі бар. Облыстық Жамбыл атындағы драма театрда өздерінің кәсіби мерекесін біздің өңірдің де әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері алғаш рет тойлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Біз біргеміз – біз жаныңыздамыз» деген ұранмен өткен мерекелік шараға облыс Әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, Парламент Мәжілісі депутаты Николай Кузьмин, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин және өңірдің аудандары мен қалаларындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдерінің жетекшілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагерлері мен жас мамандар қатысты.

– Әлеуметтік сала қызметкерлерінің алғашқы кәсіби мерекесі биыл ұлы мейрам – Құрбан айтпен қатар келіп отыр. Бұл әсте кездейсоқтық емес. Өйткені, әлеуметтік саладағылар өздерін қасиетті іске арнаған жандар, – деп бастады өзінің құттықтау сөзін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева.

Әрине, еліміздің әлеуметтік саласы бүгінгі күнге оңай жеткен жоқ. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында көптеген қиыншылықтар орын алды. Жәрдемақылар мен зейнетақылардың уақытында берілмеген кездері де көп болды. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқа. Билік әлеуметтік салаға түбегейлі бет бұрды. Жыл сайын бөлінетін қаржы да артып келе жатыр. 2011 жылы бұл салаға 4,7 млрд. теңге қаражат бөлінген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Өңірімізде әлеуметтік-медициналық қызмет көрсететін мекемелердің саны да көбеюде. 2002 жылы облысымызда ардагерлер мен мүгедектер үшін Шемонайха ауданының Выдриха ауылында «Уба» шипажайы ашылды. Мұндай шипажай тіпті респуб-ликада жоқ. Таяуда «Уба» шипажайында тағы да 100 орындық жаңа корпус пайдалануға беріліп, мекеменің қызмет көрсету аясы кеңіді.

Жалпы, қазіргі күні өңірімізде екі жарым мыңнан астам әлеуметтік сала қызметкерлері жемісті еңбек етіп жүр. Сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп, адам баласына тек қана жақсылық жасап жүрген абзал да қайырымды жандарды «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Кузьмин, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Бердюгин де құттықтап, әдемі тілектерін айтты.

Театр сахнасында төгілген ән де, тартылған күй де әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналды. Облысымыздағы өз ісін жете білетін әлеуметтік сала қызметкерлері облыс Әкімінің, облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталып, бағалы сйылықтарға ие болды. Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Әлеуметтік қызметкер» сайысының аудандық, қалалық байқауының жүлдегерлері де құр қалмады.

– Ең үздік, ең мықты қызметкер – әлеумет-тік салада, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив