KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

ШҚО полициясы заңсыз аң аулаушыларды аңдып жүр

pixabay.com

Бүгін, 12:00 0 Назерке Каримова

ШҚО-да "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Облыс аумағында браконьерлік және биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейтіп, балық пен жабайы жануарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулау мен дайындауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлуде.

Бұдан басқа жолдағы патрульдік полиция қызметкерлері атыс қаруын, оқ-дәрілерді және суық қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсаттардың болуы, сондай-ақ аңшылық, балық аулау, ағаш кесу және ағаш дайындау құқығын тексереді.

- Шара басталған небары екі күнде тәртіп сақшылары 35 заң бұзушылықты анықтаған. Шығыс Қазақстан облысының 18 тұрғыны балық аулау ережесін бұзғаны үшін, 12-сі аңшылық ережесін бұзғаны үшін, төрт адам ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлады ШҚО ПД.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив