KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бородулиха ауданында ұсақ шаруашылықтар бірігіп жатыр

2.10.2012, 18:00 278


Бородулиха ауданында ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру және дамыту бағытында нақтылы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы бірігу жөніндегі келісімшарт негізінде жай серіктестіктер құру арқылы 153 ұсақ шаруа қожалығы ірі шаруашылықтарға қосылды.

Бұл күндері ауданның агроөнеркәсіп кешенін 481 шаруа қожалығы, 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, екі тұтынушылар кооперативі және екі мемлекеттік мекемесі құрайды.

Өткен жылы 34 серіктестік тіркелген болса, қазіргі уақытта солардың саны 41-ге дейін өсті. Оның ішінде 28 серіктестікке 139 ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілді.

Ұсақ құрылымдар қазіргідей нарық талабының көшіне ілесе алмайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп берді. Бірігу арқылы олар өз өнімдерін өңдеу, одан ары дамыту үшін әртүрлі қондырғылар мен техникаларды сатып алатын несиеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұжымдарына ірі өндірістің тиімділігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив