KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 04 қыркүйек 2012 жыл

3.09.2012, 18:00 215


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында «Алтай» спорт кешенінде әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті. Оған аудандағы былғары допты аспандатқан нәзік жанды спортшылар қатысты.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жеті студенті академиялық ұтқырлық және қосдипломдық білім бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға жол жүрмек.

«Қаламқас» халықтық ән-би ансамблінің ұжымы арнайы шақырумен Знаменка ауылдық округіне қарасты Суздаль кеншілері алдында мерекелік концерт берді.

Алғашқы оқу күні Көкпекті ауданы Ақой ауылында 80 орындық жаңа мектеп есігін оқушыларға айқара ашты. Ашылу салтанатына облыс Әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаев қатысты.

Аудандық ішкі саясат, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бірлесе даярлаған жобасы бойынша 30-тамыз күні Күршім ауылының орталық алаңында «Қарбыз фестивалі» деп аталған қызықты да мазмұнды мереке өтті.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив