KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

RADIO ALTAY жаңалықтары - 03 қыркүйек 2012 жыл

2.09.2012, 18:00 120


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Сенбі күні Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемен қаласында оқушыларды білім күнімен құттықтап, Ұлан ауданының Ново-Одесск ауылында жаңа мектептің ашылуына қатысты.

Өткен сәрсенбі күні Зайсаңдағы орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда Зайсан қаласы, Айнабұлақ, Дайыр, Біржан, Кеңсай, Қарабұлақ, Қаратал ауылдық округтерінен әкелінген арзан бағада ет, сүт өнімдері мен бақша дақылдары саудаланды.


Жуықта Өскеменде тағы бір той өтті. Анау-мынау емес, алашқа аты таныс арқалы ақындардың басын қосқан дүбірлі өлең тойы – «Шығыс шынары-2012» байқауы мәреге жетті. Биылғы жүлдені белгілі әнші, айтыскер һәм жазба ақын Елана Әбдіхалықова қанжығасына байлады.

Шемонайха ауданының Выдриха ауылында орналасқан Уба шипажайының тағы бір ғимараты салынып, ардагерлердің емделуі мен демалуына қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.

Өткен демалыста облыс аумағында 30 тонна шөп қоры өртке оранды. Тілсіз жаудан келген шығынның басым бөлігі Бородулиха ауданына тиесілі.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив