KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Орталық алаңда үздік құрылысшылар марапатталды

9.08.2012, 18:00 195


Кеше Өскемендегі Республика алаңында құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы салаға еңбегі сіңген үздік қызметкерлер мен сала ардагерлерін аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев құттықтады.

– Биыл облыстық құрылыс басқармасының бюджеті 40 млрд теңгені құрады. 72 нысан пайдалуға берілді, оның 32-сі мектеп, 10 аурухана. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Облыс басшылығының атынан барлық құрылысшыларға толағай табыс, отбасыларына бақыт тілеймін, деді В.Кошелев.

Мерекелік шара барысында «Кұрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» және «Құрметті автокөлікші» атақтары, құрмет грамоталары тапсырылды.

Салтанат соңы шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті мен отшашуға ұласты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив