KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қазақша КВН күлкіге кенелтті

4.06.2012, 18:00 428


Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі және «Өркениет» оқушы, жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан оқушылары арасында аудан әкімінің жүлдесіне XII аудандық қазақша КВН-нің ақтық ойындары өтті.

Аудандағы 30 команданың төртеуі ақтық ойында бақ сынасты. Өте қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды қалалық №3 орта мектеп оқушыларының «Жастар» командасы, екінші орынды қалалық №6 орта мектеп оқушыларының «Шығыс» командасы, үшінші орынды қалалық көпсалалы гимназия мектебінің «Ойпырмай» командасы жеңіп алса, Мамырсу ауылдық округі оқушыларының «Мамырсу мақтаныштары» командасы «Көрермендер көзайымы» болып танылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив