KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Кикбоксшыларымыз жүлдемен оралды

3.06.2012, 18:00 196


Атырауда «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп және колледж оқу-шыларының республикалық VI жазғы спартакиадасы аясында кикбокстан сайыс өтті.

Жарысқа еліміздің он облысынан 105 оқушы қатысты. Ақтық бәсекеде 54 келі салмақ дәрежесінде шығысқазақстандық Еламан Жұмағалиев атыраулық Азамат Өтемісовпен жекпе-жекке шығып, нәтижесінде екінші орынға табан тіреді. Ал 70 келі салмақта жерлесіміз Әділет Ризабек үшінші орынды иеленді.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Жандос Назарбеков, Есенжан Шунғарин (Атырау), Руслан Садуахасов, Орзыбек Құрманбайұлы (Жамбыл), Сұлтан Зәуірбек, Рамазан Әбілов, Абырар Исаметов (Оңтүстік Қазақстан облысы) спартакиада жеңімпаздары атанды. Бұл спартакиада жас ұландар арасында спорттың кең қанат жаюына жол ашты. Ізбасар спортшылардың шеберлігі жылдан-жылға шыңдалып келе жатыр.

Ал жалпы командалық есепте Атырау облысының кикбоксшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командасы еншіледі. Жамбыл облысының оқушылары үшінші орын алды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив