KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Шығыс Қазақстанның жас балуандары жүлделі орындардан көрінді

17.03.2013, 18:00 211


Жезқазғандағы «Ұлытау» спорт сарайында балғын балуандар арасында грек-рим, еркін және қыздар күресінен ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің 14 облысынан, Алматы және Астана қалаларынан балуандар қатысты. Бұл чемпионатты алдымен 1996-1997 жылы туған грек-рим күресінің балуандары бастады.

42 келі салмақта біздің облыстан Руслан Есентаев жеңіске деген жігерімен білікті мамандардың ықыласына бөленді. Ол Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Зелимхан Усмановпен ақтық белдесуге шықты. Аса тартысты өткен айқаста жерлесіміз екінші орын алды.

85 келі салмақта шығысқазақстандық Исмыхан Мамедов шешуші сәтте Ақтілек Жағалды ұтып, жеңімпаз
атанды. Сондай-ақ Мерей Бекенов бесінші орынды иеленді.

Ал еркін күрестен 1996-1998 жылы туған жасөспірімдер арасында Никита Федоров бесінші орынға табан тіреді. Осы чемпионатта 1996-1998 жылдары туған қыздар арасында біздің облыстың балуандары өз салмақ дәрежелерінде Балжан Ақылбекова, Дарья Казюлина үшінші, Әмина Мұратбек, Диана Нұрланова бесінші орындарды еншіледі.

Сондай-ақ Көкшетау қаласында қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туған балуандар белдесулері де аса тартысты өтті. Бұл жарысқа еліміздің барлық өңірінен 151 балуан қатысты.

Біздің облыстан өз салмақ дәрежелері бойынша Архат Қайырбеков екінші орынға ие болды. Ол 50 келі салмақта сынға түсіп, финалда маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқанға есе жіберді. Мират Мигелан мен Қуан Барыс үшінші орынды иеленді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив