KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Көрме бойынша саяхат жасады

30.04.2012, 18:00 178


№8 балалар үйінде облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайының қызметкерлері «Мәдениет сенбілігі» акциясын өткізді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен еркін қарым-қатынас ұйымдастыру мақсатында мұражай қызметкерлері «Семей қаласының ескі сәулеттері» көрмесі бойынша саяхат жасатып, кескіндеме бетіндегі туған өлке табиғаты жайлы слайд бағдарламаларын, музыка әуенін пайдалана отырып Семей қаласы суретшілерінің шығармашылығын таныстырды. Балалар мектепте отырып-ақ «Семей қаласының ескі сәулеттері» сурет галереясын аралағандай әсер алды. Олар қаламыздың суретшілері О.Махно, Р.Бобровский, Т.Татиевтің шығармаларымен танысты.
Ертеректе салынған қаладағы мешіттер, шіркеулер, мұражайлар ғимараттарын тамашалады. «Ойлап тап» ойынында балалар кескіндеме өнерінің түрлері және жанрларымен танысуға мүмкіндік алды.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив