KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Есту қабілеті нашар балаларға «Астана - мақтанышым менің!» слайд сабағы өткізілді

27.02.2018, 07:44 251

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз елінің тарихы туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған» мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен «Астана - мақтанышым менің» атты слайд-саяхат өтті.


Шара басында қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі ұлттық сананы жаңғырту екенін атап өтті. Әрбір азаматтың мәдени деңгейін көтеру, отансүйгіштікке, өз өлкесіне, туған еліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу тұрғысында  ұйымдастырылған аталмыш шараның тәрбиелік мәні зор болды.


Оқушылар бас қаланың тарихымен, қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, қазіргі жағдайы және даму келешегімен танысты. Қаланың атауы бірнеше рет Ақмола, Целиноград, Ақмола, Астана болып ауысқаны жөнінен мағлұматтар алды.            «1954-1956» жылдары тың игерілген қала» атты слайд-тұсаукесерінің көмегімен оқушылар  тыңайған жерлер туралы ақпараттармен танысты.


Келесі кезекте 1992 жылғы Ақмола қаласына саяхат жасалды. Оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылдары мен Мемлекеттік  Рәміздердің тарихы туралы қызықты мәліметтерді  слайд көрсетілімі арқылы тамашалады. Шараның жалғасында қатысушылар заманауи Астана қаласына саяхат жасады. Онда балалар бас қаланың көрікті жерлері: Астана-Бәйтерек кешені, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Думан» ойын-сауық кешені, Конгресс-Холл және  театрлар, саябақтар, мұражайлар, ескерткіштер және оқу орындарымен танысты. Слайд-саяхат соңында кітапхана қызметкерлері балаларға бас қаламыздың өздеріне ұнаған көрікті жерлерінің суретін салуды ұсынды.  Балалар сурет салуға аса қызығушылықпен белсенді кірісіп, «Жайнай бер, Астана!» атты кітап көрмесі лезде  түрлі-түсті  суреттермен  толықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив