KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Алексей Лялько Лондон олимпиадасына жолдама алды

22.04.2012, 18:00 192


Облыстық ТЖД өрт сөндірушісі-құтқарушысы Алексей Лялько өз жетістіктерімен ал-дағы жазда Лондонда өтетін жазғы Олимпиадаға қатысатынын сенімді түрде дәлелдеді.

Қазіргі уақытта Малайзияда өтіп жатқан Азия чемпионатында Алексей веложарыстың Омниум тәртібінде жеңіске жетті. Ол Корея мен Гонконгтан келген қарсыластарын шаң қаптырды. Чемпионаттан спортшы екі медаль алды, бірі – алтын, екіншісі – қола медаль. Олимпиадаға қатысуға қорытындыларды есептеу 10-сә-уірде болды. Қазақстанның құра-ма командасы сенімді түрде 4 орында тұр, ол осы нәтижесімен алдағы Олимпиадаға қатыса алатынын дәлелдеді.
Облыстық ТЖ департаменті тарихында осы күнге дейін ешбір қызметкер жазғы Олимпиадаға қатысуға жолдама алған жоқ, оған өрт сөндіруші-құтқарушы Алексей Ляльконың қолы жетті. Біз оны қолдаймыз және алдағы уақытта оған зор табыс тілейміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив