KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Шығыс Қазақстанда су көлігімен жасалатын жолаушылар тасымалын субсидиялау мүмкін

7.04.2012, 18:00 93



Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Әбсаттаровтың төрағалығымен облысаралық және мемлекетаралық бағыттарда өзен тасымалын дамыту мәселелеріне арналған өңірлік жиналыс болып өтті, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Вице-министр жиналысты аша отырып, республиканың транзиттік әлеуетін іске асыруды қамтамасыз ету үшін аталған саланы жандандырып, өзен тасымалының көлемін арттыру қажеттілігін атап өтті. Жұмысты жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде флот пен жағалау инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл өз кезегінде өндірістік кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер беріп, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы үшін жағдай жасайды», - делінген хабарламада.

Жиналыс барысында, сондай-ақ, су жолдары мен тасымал үрдісінің қазіргі жай-күйі мен кеме иелерінің аталған мәселені шешуге қатысты ұсыныстары талқыланды.

«Жиналыс қорытындысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктері, кеме компаниялары арасында өзен тасымалын дамыту және ішкі су көлігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жөнінде іс-шаралар жоспарына қол қойылып, келісім қабылданды», - деп хабарланады баспасөз баянында.

http://newskaz.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив