KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

"Ертісті" енді бұрынғы аудан әкімі басқарады

7.08.2013, 18:00 157


«Ертіс» ӘКК» басқарма төрағалығына жаңа басшы сайланды. Акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов Бесқарағай ауданының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты «Ертіс» ӘКК» басқарма төрағалығына Катонқарағай ауданының бұрынғы әкімі Арман Бекбосынов лайық деп табылды. Жаңа басшыны ұжыммен облыс әкімінің өзі таныстырды.

− Жаңа басшы − Зайсан ауданының тумасы, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында, Астана қаласында жауапты қызметтер атқарған, мол тәжірибесі бар. Ол Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және коммуникация кешенін стратегиялық дамыту және жоспарлау департаментінде қызмет етті. Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, соңғы үш жыл көлемінде Катонқарағай ауданының әкімі қызметін жауапкершілікпен атқарды. Оның өзіне міндеттелген жаңа қызметті игеріп кететініне сенімім мол, − деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Ертіс» ӘКК» директорлар кеңесінің мүшелері Арман Бекбосыновтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап, дауыс берді.

Мәжілісте бұдан басқа бірнеше мәселелер, оның ішінде акционерлік қоғам мен «Дерикар» ЖШС арасындағы жүнді қалдықсыз өңдеу жөніндегі жаңа жобаның жай-күйі талқыланды.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив