KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Хирошидің құлтемірлері құрақ ұшып тұр

27.03.2012, 18:00 197


Жапонияның Осака қаласындағы университеттің профессоры әрі робот құрастырушы Хироши Ишугуро 2009 жылы өзінің сыңар-роботын жасап шығарған. Роботтың кереметі сол, адам бетінің қарапайым эмоциялық әрекеттерін қайталайды.

Тұрақтылықты ұнатпайтын Ишугуро 2010 жылы өзінің егізінің дамыған түрі Geminoid F-ты құрастырды. Geminoid F-тың ең басты ерекшелігі, адам бетіндегі бүкіл эмоцияны қайталай алады. Яғни күледі, ренжиді, басын изейді...
Kokoro компаниясымен бірге істеген Ишугуроның бұл туындысы алдыңғысынан да керемет болды. Тексеріс барысында құлтемір сынақтан сүрінбей өткен. Дәрігерлік емге келген ауруларды күліп қарсы алған робот емделушілерге өте жақсы әсер етіпті. Бұл темір, тіпті, театр сахнасында ойнап та үлгерген екен. Робот құрастырушы компания қара шашты сұлу робот ханымды кез келген алушыға 110 мың долларға құрастырып береді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив