KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да жаңа индустриалды аймақ ашылады

19.03.2012, 18:00 130


Шығыс Қазақстан облысында индустриалды аймақ аумағында үдемелі инновациялық индустриалды мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бірден бірнеше жаңа жобалар пайда болмақшы. Бұл туралы аймақтың өндіріс және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктұғытов мәлім етті.

«Өскемен мен Семейде қазірдің өзінде төрт индустриалды аймақ құрылды. Оның ретке келтірілуі үшін 2007-2008 жылдары 470 млн теңге ақша бөлінді. Ал 2011 жылы Машина жасау көшесі бойындағы бизнесті дамытудың индустриалды аймағының жобасы аяқталған болатын. Оған төрт жобаны, атап айтқанда, металлоконструкция және құрылыс материалдарын шығаруды көздейтін, жеңсік ет өнімдері мен қуаты жылына 1000 жеделсатыға дейін шығаратын лифтжасау зауытын орналастыру жөнінде өтінімдер келіп түсті», - деді облыс әкімдігі өндіріс және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктұғытов.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив