KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,3 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Шағын Құйғанның шарайна шежіресі

13.03.2012, 18:00 269


Ұлан-байтақ Отанымызда сандаған ауыл бар екені белгілі. Олардың аумағы шағын болса да, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен тұнған тарихы бар.
Солардың бірі – Тарбағатай ауданын-дағы Құйған ауылы.

Туған ауылының тарихын сол қасиетті топырақта өсіп-өнген ұрпақтарынан артық ешкім білмейтінін қапысыз дәлелдеген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қаламгер Еркінбек Асқарұлының жақында жарық көрген «Барқытбел баурайындағы Құйған» атты жинағы десек, артық айтпаспыз.
Заманауи баспа мүмкіндігін мейлінше пайдалана білген, көркіне көз тоятындай жинақтың шертер сырына да көңіліңіз толады. Үш бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы екі бөлімі Құйған ауылының тарих қойнауындағы бағзы бабалар заманы мен кеңестік дәуірдегі тарихын танытуға, бүгінгі келбетін ашуға арналған. Оларды саралай отырып, күллі халқымыздың басынан өткен небір зұлматтар шағын ауыл Құйғанды да айналып өтпегенін түсінесіз. Автор аштықтың, қуғын-сүргіннің, сұм соғыстың қасіреттері, ауыл халқының әр жылдардағы жасампаз еңбегі, бәрі-бәрін шағын жинағына тоғыстыра білген екен. Жинақтан сонау 1800 жылдары ел қорғаған Қоңыз батырдан бастап, Алаш арыстарының қатарынан орын алатын Мырзасадық Құрбанқажыұлына дейінгі осы өлкеден шыққан талай арыстар жайлы тарихқа қанығасыз. Бұл бөлімдегі «Құйғандықтар судың тұнығын ішеді», «Таңбалы тастар, қорым обалар, табиғат тамашалары», «Арқарлар ауыл маңында жайылады», «Ұлы тауда ұлар бар» сынды шағын мақалалар да осы өлкенің тамаша табиғатынан, тереңдегі тарихынан сыр шертеді.
Кітаптың үшінші бөлімі автордың ақын жерлес-терінің шығармашылығына арналған. Онда дарынды ақын, дара күйші Рамазан Әбілмәжіновтің, ақындар Жанат Әскербекқызының, Әнуарбек Мәлғаждаровтың, Қажығұмар Кенжиннің туған жер табиғатына тамсанған тамаша жырларын оқи аласыз.
Кітап осы өлкенің тамаша табиғатынан, ауыл өмірінің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін әсем суреттерімен де құнды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив