KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Калашников автоматымен Қарағанды тұрғыны ұсталды

8.03.2012, 18:00 163


Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 26 жастағы тұрғынын Калашников автоматымен қолға түсірді.

Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Бұқар жырау ауданында, Үштөбе ауылынан 2 шақырым жерде Қарағнады қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Оның көлігін тексеру барысында оқпанында 2 патроны бар АКМ-74 қаруы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар целлофан пакетте 5,45 калибрлі 6 оқ табылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары барысында қарудың қайдан алынғандығы анықталатын болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив