KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Шекарашылар Қазақстанның оңтүстігінде далада тонналаған арақ пен косметика тығылған киіз үйді тапты

21.02.2012, 18:00 88


Шекарашылар Қазақстанның оңтүстігінде далада тонналаған арақ пен косметика тығылған киіз үйді тапты7

Қазақ-өзбек шекарасында аса ірі мөлшерде контрабанда өтетін желінің жолы кесілді. Біздің шекарашылар Мақтарал ауданының адам аяғы баса бермейтін Мырзашөл деген жердегі қойшының тұрағынан 10 тонна спирт тапты. Оның қайдан пайда болғанын қотанның иесі де түсіндіріп бере алмады.


«25 желтоқсанда көшіп келдім. Көшіп келсем, вагонда арақ тұр екен. Көргенім - рас. Бірақ, кімдікі екенін білмедім», - дейді үй иесі Қалқаман Қожақұлов


Қойшының қараша үйінен спирттен бөлек, азық-түлік салынған 600 қорап табылған. Шекарашылардың айтуынша, бұл заттар Өзбекстанға алып өтуге дайындалып қойылған. Мақтарал ауданындағы адам аяғы жете бермейтін шөлді аумақтағы бұл «көмбені» шекара сақшылары кезекті рейд кезінде тікұшақтан байқапты. Құмдауыт даладағы жолсызбен тәулігіне заңсыз тауар артқан көлік керуені көрші елге өтетін көрінеді.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив