KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Еуразия ұлттық университетінде оқу құны биыл 10 пайызға көтерілген

11.09.2018, 05:26 54



Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқу құны биыл 10 пайызға көтерілген. Осыған орай аталған оқу орнының бір топ студенттері петиция дайындап, білім алушыларды ректорат пен деканатқа шағымдануға шақыратын листовкалар таратқан.


Десе де жоғары оқу орны басшылығы листовка таратушылардың әрекетін елдегі әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, университет беделіне нұқсан келтіру деп бағалауда. Оқу бағасының 10 пайызға қымбаттауы ешқандай да заңға қайшы келмейтін көрінеді. Мысалы, аталған университетте бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алу 815 000 теңгені құраса, магистратурада білім алу құны 1 285 000 теңгені, ал докторнатурада білім алу 2 300 000 теңгені құрайтын көрінеді. Нәтижесінде студенттермен оқу құны туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, листовкалар жұлынып тасталыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив