KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да көміртегі газымен улану жағдайлары жиілеп кетті

28.11.2023, 09:00 178 Анель Слямғазықызы

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жылыту маусымы басталғаннан бері департамент мамандары 100 мыңға жуық үйді аралап, ондағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, пешті дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне қауіпті газды анықтауға мүмкіндік беретін 2 мыңнан астам арнайы датчик орнатылған. 

Соған қарамастан, тұрғындардың пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуының салдарынан 10 адам улы газдан зардап шегіп, емханаға жатқызылды, оның 8-і балалар. Оқыс оқиғалардың негізгі себебі – мұржаның уақтылы тазаланбай бітелуі, пештің дұрыс болмауы, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.  

Рейд кезінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 22 мыңнан астам үйдің тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бергендігін анықтады, оның 11 мыңға жуығы пешпен жылытуға байланысты.

-    Көміртегі газының иісі мен түсі жоқ, сонысымен де қауіпті. Ол тыныс алу кезінде адам ағзасына еніп, өкпе арқылы қан айналымы жүйесіндегі гемоглобинмен қосылады. Улану орталық жүйке жүйесінің қызметіне зиян келтіреді, бұл әсіресе жас балалар үшін қауіпті. Сондықтан тұрғындар сақтық шараларын мұқият сақтап, мұржаны уақытында тазалап, жарықтар мен ақауларды жою қажет. Жылыту кезеңінде пештерді тазалау кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Пеш, түтін арнасы өтетін мұржа мен қабырғалар ақаусыз, сыланған және әктелген болуы тиіс. От жағу ұйықтар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс. Пештен алынған күлге су құйып, үйден кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып төгу керек, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.



Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу