KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Соңғы жылдары ШҚО-да 16 мыңға жуық датчик орнатылған

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
3.11.2023, 16:22 198

ШҚО ТЖД суық түсе пештің ақауы болуына байланысты жазатайым оқиғалар тіркелетінін жеткізді.

Жыл басынан бері 4 азамат көміртегі тотығынан уланып, қайтыс болған, тағы 23 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жылу беру маусымы басталғалы бері облыста тұрғын үй секторында 42 өрт тіркеліп, екі адам қайтыс болған көрінеді.

Осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері Глубокое ауданында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейд өткізді. Мамандар тұрғындарға пештегі шоқты, түтінді уақытылы бақылап отыру керегін айтты. Мамандар осы кезеңде 68 мыңнан астам үйді аралап, түсіндіру жұмысын жүргізген. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылып, көміртегі тотығы тараған жағдайға арналған дабыл датчигін орнатты. Бұл құрылғылар жыл сайын жергілікті атқарушы орган мен "Қазмырыш" ЖШС қаражатына сатып алынады.

— Көміртегі тотығы — өте улы, түсі мен иісі жоқ тілсіз жау. Арнайы датчик газ шыққан жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға көмектеседі. Біз жыл сайын әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған отбасылардың үйлеріне өрт дабылын орнатамыз. Биыл 2400-ге жуық датчик орнатылды. ШҚО ТЖД соңғы 5 жыл ішінде облыста барлығы 16 мыңға жуық датчик орнатты, оның 5 мыңнан астамы — табиғи газ датчигі. Күзгі-қысқы кезең басталған, қатты отын пештері белсенді пайдаланылған кезде өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше өзекті болады, - деді ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

ТЖД қызметкерлерінің сөзіне сәйкес, рейд жүргізу мен датчиктерді орнату жазатайым жағдайлардың алдын алуға және азаматтадың арасында көміртегі тотығымен улануды азайтуға көмектеседі.

ШҚО ТЖД пеш жағатын маусымда қандай дүниелерге тыйым салынатынын жариялады.

Оған мына әрекеттер жатады:

- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, оларды қадағалауды балаларға тапсыру;

- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдына қою;

- пеш жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;

- желдету және газ арналарын мұржа ретінде пайдалану;

- пештерді шамадан тыс қыздыру жатады.

Төтенше жағдай, өрт кезінде "101" және "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу