Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 10 адам зардап шекті – ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өңірде жылыту кезеңі басталғалы бері 2000-нан астам көміртегі тотығы датчигі орнатылды.
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан 10 азамат зардап шекті, оның 8-і балалар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары 100-ға жуық үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. Рейд барысында мамандар 22000-нан астам үйде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғанын анықтаған.
Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады. Жылыту кезеңінде пештерді тазалау кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Ұйықтар алдында пеш жақпаған дұрыс. Пештен алынған күлді үйден немесе қандайда бір ғимараттан кемінде 15 метр қашықтыққа тастау керек.